Басты бет » Мереке » Құттықтаулар

Құттықтаулар

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ақтөбе облысының этномәдени бірлестіктері Сіздің қоғамдық келісімге негізделген, әлеуметтік мемлекет құруды көздеген еліміздің стратегиялық даму бағытын әрқашан қолдайды.

Қазақстан халықтарының тамырын тереңге жайған достығы жылдан-жылға нығайып келеді. Барлық  бұл оң өзгерістер қазақстандықтар зор сенім артқан ұлттың Көшбасшысы өзіңіздің арқаңызда мүмкін болды.

Сіздің күллі қызметіңіз әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, мемлекетті одан әрі нығайтуға, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталған.

Сіз алға қойған мақсаттар күнделікті өмірде табысты жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өзіңіз жариялаған индустриалдық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы арқасында көптеген кәсіпорындар қайта түлеп, мыңдаған қазақстандықтар жұмыс тапты.

Өзіңіздің басшылығыңызбен салынған еліміздің Астанасы барлық қазақстандықтардың, тіпті Орта Азияның  мақтанышына айналды.

Сіздің айқын мақсатпен жалғасқан саясатыңыздың арқасында біз болашаққа зор сеніммен қараймыз. Әсіресе, бұл біз үшін қазіргі, көп елдер дағдарысты бастан кешіп отырған шақта аса маңызды.

Еліміздің Сіздің басшылығыңызбен алда да зор табыстарға жететініне сенімдіміз.  Сізге мықты денсаулық, Қазақстан Республикасы — біздің Отанымыздың игіліктері жолында үлкен табыстар тілеймін!

Сергей ВИШНЯК,

Қазақстан халықтары Ассамблеясы мүшесі,

«Динар-Электромаш» ЖШС-інің іс басқарушысы.

Тәуелсіздігіміздің түлегі

Астанамыз күн санап өркендеп өсіп келеді. Қазірга таңда жас Елордамыз өркениетті дамыған елдердің астаналарымен бір сатыда тұр десем де қате айтпаған болармын деп есептеймін.

Осы уақытқа дейін жеткен жетістігіміздің барлығы Елбасымыздың сауатты саясатының арқасы деп білемін.

Аз ғана уақыт ішінде астанамыз танымастай өзгерді. Астананы қызықтап келушілердің саны күннен күнге артуда. Елбасымыздың кемеңгерлігінің арқасынДа былтырғы жылы «EXPO-2017» халықаралық көрмесі өтті. Осы халықаралық көрме арқасында еліміз әлемдік аренада одан әрі танылды.

Сәулеті мен дәулеті жарасқан Астанамызды әлем тануда. Астана — тәуелсіздігіміздің түлегі. Астанамыз халқымызға жаңа белестерді алуға, өмір сүру жағдайын жақсартуға үлкен құлшыныс беруде.

Қазақстанның отау тіккен ордасы Астанамыз жасай берсін, өркендей берсін!

Кеңес БІРМАНОВ,

облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы.

Асқақтай бер, Астана!

Ұлы дала жұртының мақтанышы сұлу қаламыз – Астананың туған күні құтты болсын!

Бүгінгі күні әлем халықтарының назарына іліккен Елордамыздың ажары күннен-күнге көркейіп, мерейі асқақтай түсуде. Халқының келешегіне кемел сенімділік сыйлаған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сын сағаттарда сүріндірмес сарабдал саясатымен жаһанды мойындатты. Көсіліп жатқан сар дала мейір-махаббатқа бөленіп, күннен-күнге құлпырып, дөңгеленген дүниенің озық жаңалығын дарытқан, ғылым-білімнің, ұшқыр қиялдың, өміршеңдіктің, шашасына шаң жуытпас жүйрік технологияның символына айналды. Осындайда халқының қуаныш құшағында, қиындықсыз бейбіт ғұмыр кешулеріне барлық күш-жігерін жұмсап келе жатқан Елбасымыздың алда да елін жарқын болашақтарға бастайтынына сенемін! Сарыарқаның төрінен бой көтерген Астанадай айшықты шаһарда, абат Астанада, ай дидарлы ұл-қыздарымыз көбейіп, даңқы арта берсін! Мерейтойың құтты болсын, асқақтай бер, Астанам!

Бақыт ЕРҒАЛИЕВА

ұстаз.

 Алға ауданы.

Елордамыздың құрдасымын

Мен 1998 жылы дүниеге келдім, яғни Елорданың құрдасымын. Еңселі Елорда, асқақтаған Астана. Бүгінде біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлттық сезіммен көкірегімізді керіп, еңсемізді көтеріп, аса зор мақтанышпен айтамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Астана — Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі» деді.

Арқаның төрінде, сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз 20 жасқа толып отыр.

Астананың қазіргі деңгейге жетуі — тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі еліміздің, айбарлы азаттығымыздың көрінісі.

Асқақтай бер, ару қала! Осы әсем қалада өсіп келе жатқан талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыратын жастар аман болсын! Қазақы әдет-ғұрыпты, салт-санамызды сол жастардың бойына сіңіріп отыратын қарттарымыз аман болсын!

 Дархан ЖҮРГЕНБАЙ,

 Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы

жастар қанатының мүшесі.

Күллі қазақ халқының жүрегі

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. 20 жасқа енді ғана толып жатқан жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұр.

Астана — Еуропа мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының жүрегі.

Елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігіміз молайып, жайнай берсін.

Асқақтай бер Ару қала — Астана! Туған күнің құтты болсын, Астана!!!

Айгүл ҒҰСПАНҚЫЗЫ,

жас маман.

Ойыл ауданы

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*