Басты бет » Жаңалықтар » Момын ағаның қуанышы

Момын ағаның қуанышы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күйші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Момын Байғанинді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Момын Байғанин — тұлпардың тұяғы, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің кенже ұлы. Облыс әкімі оған мерекеге орай жаңа домбыра сыйға тартты.

Момын аға — домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, үш жасынан бері серік етіп келе жатқан жан. Оған сыйға тартылған домбыра арнайы тапсырыспен жасалған. Меймандар алдында Құрманғазы мен Динаның күйлерін тартып, жаңа аспапты бірден «сыннан өткізген» Момын Байғанин жаңа домбыраның сапасына риза болды. Екеуара әңгімеде облыс әкімі Момын Байғанинге мерекеге орай ізгі тілектерін жеткізді, ал соңынан Момын аға облыс басшысына батасын берді.

Айта кетелік, Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне белгіленген Ұлттық домбыра күні биыл 1 шілдеге сәйкес келді.

Жанна ДӘУЛЕТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*