Басты бет » Мереке » Мерекелік медальдар табыс етілді

Мерекелік медальдар табыс етілді

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты.

Шарада алдымен сөз алған Ербол Нұрғалиев жиынға қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

— Еліміздің бас қаласы Астана қаласына биыл 20 жыл. Тарихпен санасақ, бұл көп уақыт емес. Дегенмен осы аз ғана жылдың ішінде Астана әлемді мойындатты. Бұл қаланың төрінде талай тарихи оқиғалар өтті, көптеген елдердің мемлекет басшылары бас қосып, бірлікке, бейбітшілікке үндейтін ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.  Астанаға қарап басқа қалалар да бой түзей бастады. Астана — еліміздің мақтанышы. Елордамыз көркейіп, гүлдене берсін, — деді Ербол Нұрғалиев. Бұдан кейін ол Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалін «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Шахбаз Джамаловқа, «Оксана» украиндердің ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Валентина Моисеенкоға және еңбек ардагері Қырым Сақтағановқа табыс етті. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің Алғыс хатымен білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Бақытылы Тәңірбергенқызы марапатталды.

Салтанатты шараның соңы атты гала-концертке ұласты.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*