Басты бет » Мереке » Монумент жанындағы мереке

Монумент жанындағы мереке

Сенбі күні «Домбыра» монументінің алдында Ақтөбе қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтті.

Ұлттық домбыра күніне арналған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, жас домбырашылардың өнерін тамашалады.

Шараның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, аталмыш мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.

Мерекелік шара барысында қала тұрғындарына киелі аспапта орындалатын күй өнерінің «төкпе», «шертпе» қағыстары көрсетіліп, күй тартыс ұйымдастырылды. Көрермендерге викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға домбыра үлгісіндегі кәдесыйлар табыс етілді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*