Басты бет » Жаңалықтар » Тұрғындарды қабылдады

Тұрғындарды қабылдады

«Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды  жеке мәселелері бойынша қабылдады» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Ақтөбеліктер тұрғын  үй жағдайын жақсарту, материалдық және басқа да көмектер жөнінде мәселелері мен өтініштерін айтып, облыстың дамуы жөніндегі ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Бұл күні облыс әкімінің қабылдауында 8 адам болды.

Облыс әкімі олардың барлығын мұқият тыңдап, мән-жайды түсіндірді және құзырлы мемлекеттік органдарға мәселелерді қолданыстағы  заң аясында шешуге ықпал ету жөнінде тапсырма берді.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*