Басты бет » Мереке » Ұлттық домбыра күні атап өтіледі

Ұлттық домбыра күні атап өтіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың  12 маусымында елімізде шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күнін атап өту туралы  Жарлыққа қол қойды.

Мереке ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы айналасында қоғамды біріктіру, одан әрі нығайту мақсатында бекітілді.

Бүкіл елдегідей Ақтөбеде де, 1 шілде күні Ұлттық домбыра мерекесіне орай  акциялар және мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Домбыра бұл тек музыкалық аспап емес. Ол — қазақ үшін тұтастай әлем, оның  бүкіл өмірі. Халықта қазақтың жаны күмбірлеген домбыраның үнімен өмір сүреді деген сөз бар.

Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша «Ұлттың саз байрағы — Домбыра» атты акция өтеді. Ежелгі әдет-ғұрыптарды жаңартып, қазақ халқының нышаны ретінде әр үйде домбыраның болуы  ұлттық кодты білдіреді. Ата-бабаларымыздың тарихын және мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 шілдесінде Ақтөбе қаласының барлық перзентханаларында осы күні жаңа туған нәрестелер үшін салтанатты құттықтау мерекесін өткізіп,  Ассамблеяның логотипі бар  домбыраны сыйға тартады.

Сол күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін «Нұр Ақтөбе» ауданындағы мектеп ауласында, Орталық және «Шығыс» базары алаңдарында, Батыс-2 шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында  «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты  Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

Азаматтарға мерекелік бағдарламалар, домбыра, вокалшылар, би топтары және ұлттық аспаптар оркестрі мен домбыра орындаушыларының өнерлері ұсынылады. Мерекеге қатысушылар үшін халық әндері мен танымал композиторлардың шығармалары орындалады.

Н.ДОСОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*