Басты бет » Жаңалықтар » Бейжіңде халықаралық медиафорум өтті

Бейжіңде халықаралық медиафорум өтті

Бүкілқытайлық журналистер ассоциациясының ұйымдастыруымен Бейжіңде өткізілген «Бір белдеу және бір жол» аясындағы 2-ші халықаралық медиафорумға әлемнің алпысқа жуық елінен, оның ішінде Қазақстанмен қатар, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, сондай-ақ Польша, Болгария, Израиль, Пәкістан, Вьетнам, Таиланд, Лаос, Танзания, Лаос, Монғолия тағы да басқа мемлекеттерден өкілдер қатысты. Алғашқы форум өткен жылдың күзінде Қытай Коммунистік партиясының ХІХ съезіне арналып өткен болатын.

Биылғы жылы аталған форумға Қазақстаннан алты адам шақырылды. Солардың қатарында Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин да Қытай жиынына қатысып қайтты.

Форумда Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің журналистік қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты өрістету және тәжірибе алмасу мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Форумда Бүкілқытайлық журналистер ассоциациясының төрағасы Чжан Яньнун сөз сөйлеп, өзі жетекшілік ететін ұйымның тарихы, атқаратын қызметі туралы айтып берді.

Жиынға қатысушылар Қытай коммуникация университеті жанындағы Халықаралық пікір алмасу орталығында, шыға бастағанына осы маусым айында жетпіс жыл толып отырған «Жэньминь жибао» газеті редакциясында болып, басылымның тарихымен, жұмыс процесімен танысты.

Сондай-ақ Қытай жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақ жастарымен кездесу өткізілді.

Өз тілшіміз.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*