Басты бет » «Бақытты бала» » Балаларға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Балаларға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала» жобасы аясында «Қауіпсіз балалық шақ» атты мерекелік шара өтті.

Басты мақсат — балалар мен ата-аналардың қауіпсіздік білімін кеңейтіп, арнайы ережелерді түсіндіру.

Шараның ашылуында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова облыс әкімінің атынан өрт кезінде өзінің екі бауырын құтқарып қалған Кәмшат Байғозыға Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов биылғы «Бақытты бала» жылына орай атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оқушыларға көңілді жазғы демалыс тіледі.

Орталық саябақта өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесі, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Балалар 5 тонналық өрт сөндіру машинасымен, зардап шеккен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ өрт сөндірушілерге арналған киімдер мен баскиімнің не үшін қажет екендігі түсіндірілді. Балаларға арнайы үнпарақатар, тегін балмұздақтар таратылды.

Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

 А.ҚАЛДЫБЕК.   

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*