Басты бет » «Бақытты бала» » Жасөспірім кореяда тегін емделіп жатыр

Жасөспірім кореяда тегін емделіп жатыр

Сүйек ауруының ауыр түріне шалдыққан 17 жасар ақтөбелік жасөспірім қыз Оңтүстік Кореяда тегін емделіп жатыр. 

«Бақытты бала»  жобасы аясында омыртқа жотасы бір бүйіріне қарай  қисайған жасөспірім өткен аптадан бастап Оңтүстік Кореяның Северанс Синчон емханасында ем алуда. Әлемнің 100 белді жоғары оқу орнының қатарына кіретін Ёнсе университеті жанындағы Сеулдің ең ірі емханаларының бірінің дәрігерлері қызды тереңдете тексеруге кірісіп кетті. Жасөспірім қыз IV дәрежелі идиопатикалық сколиоз ауруынан басқа сүйек жүйесінің патологиясына шалдыққан және аяғы бірнеше жерден сынған. Аурудың әсерінен аяқ сүйектері қысқарған.

Айта кетейік, бұл — «Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында «Severance-KZ» қоғамдық халықаралық медицина қорының қолдауымен Оңтүстік Кореядан тегін ем алып жатқан ауыр патологиясы бар төртінші бала.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*