Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңа форматы

Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңа форматы

Мамандарды даярлайтын жүйені жаңа кадрлық талаптарға сай бағыттау, оқу бағдарламасын ауқымды жаңарту, өмір бойы үзіліссіз білім алу қажеттігін «Қазақстан – 2025» даму стратегиясының «Жаңа адами капитал» бірінші реформасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткен болатын.

Осы тұрғыдағы мақсаттар және міндеттер мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруды талап етеді.

Биылғы жылдан бастап Ақтөбедегі өңірлік орталық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ретінде қызмет ете бастады.

Осы қысқа ғана мерзімде 15 қайта даярлау курсы және 29 біліктілігін арттыру семинарлары ұйымдастырылады. Бүгінгі күнге 439 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірді.

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларында мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды тақырыптар, атап айтар болсақ, «Жобалық менеджмент», «Жаңа мемлекеттік менеджмент», «Көшбасшылық феномен ретінде», «Қызметті басқару», «Мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытын ұйымдастыру», «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», «Стратегиялық менеджмент», «Бюджет және стратегиялық жоспарлау», «Адами ресустарды басқару», т.б. оқу бағдарламаларында қамтылуда.

Филиалдың штаттық профессор-оқытушылар  құрамынан өзге, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, өңірлік жоғары оқу орындарының жетекші дәріскерлері мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологтары шарттық негізде жұмысқа тартылуда.

Пәндерді оқыту мемлекеттік қызметтің әр саласында жүріп жатқан инновациялық процестердің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Цифрлық мемлекеттік басқару, киберқауіпсіздік, халыққа мемлекеттік ұсынудағы электрондық үкімет мүмкіндіктері сұрақтарына ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген және басшы лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбында оқыту қолға алынды.

Академия филиалында қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстар басталды. Қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларының бағдарламалары мен лекция материалдары мемлекеттік қызметшілерге QR код арқылы электронды форматта беріліп, ұялы телефондары арқылы қолдануға мүмкіндік береді. Курс тыңдаушыларын тестілеу мен кері байланыс анкеталары да электронды форматта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша оқытудың жолдары толық жаңа форматта жүргізіледі. Барлық оқу бағдарламалары магистрлар мен докторларды дайындау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес жаңартылып, оқу саласының инновациялық технологияларына негізделген және икемді, дараланған оқытуға бағытталған.

Ұжымдағы корпоративтік мәдениетті қалыптасыру мақсатында Development day/ Даму күні атты жаңа жоба жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, олардың дағдыларын ұштау, білімдерін кеңейту, өзара қарым-қатынас үшін дұрыс пайдалы байланыстарды жолға қою.

Филиалда мемлекеттік қызметке өзгерістерді енгізу, мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғырту бойынша басты үйлестірушілерді дайындау мақсатында «Өзгеріс елшілері» мектебінің жұмысы бастау алды.

Жұмысымыздың негізгі идеясы —  мемлекеттік қызметшілерді даярлау ісіне лайықты үлес қосу, мемлекеттің бет-бейнесін және мемлекеттік биліктің беделін танытатын шенеуніктердің имиджі мен кәсіби деңгейін жақсарту үшін еңбек ету. Алдағы қызметіміз де осы бағытта өрістей бермек.

Назимат ДЕМЕШОВА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының

Ақтөбе облысы бойынша филиалының аға әдіскері.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*