Басты бет » «Бақытты бала» » «Балаусаның» өнерлі балалары

«Балаусаның» өнерлі балалары

Балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында мектебіміздің жанынан ашылған «Балауса» лагері өз жұмысын бастады.

Биыл облысымызда «Бақытты бала» жылы жарияланғаны белгілі. Соған орай, мектебемізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. «Балауса» лагерінің басты мақсаты — балалардың өмірі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, оларға мейірімді орта қалыптастыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану.

Лагерьге әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан әрі мүмкіндігі шектеулі балалар тартылды. Әр күндерін таңғы жаттығулармен бастап, тәтті дәрумендермен толықтырылған астан кейін, лагерь тынығушылары қаладағы мәдени орындарға саяхат жасап, танымдық, рухани білімдерін толықтырады.

Лагерьдің әр күні әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Соның бірі —  Астананың 20 жылдығына арналған «Елімнің жүрегі — Астана» тақырыбында ұйымдастырылған кеш. Кешті демалушылар сазгер Нұрталап Жүсіповтің «Бақытты бала» әнімен ашты. Мерекелік кеште «Бәйтерек», «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Болашақ» топтарына бөлінген балалар өз өнерлерін көрсетті. Белсенді қатысушыларға мектеп басшылығы атынан Алғыс хаттар табысталды.

Кенжегүл СЕМБІ,

Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектептің мұғалімі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*