Басты бет » Әлеумет » Бір бағытты көшелер екі бағытты көшелерге ауысады

Бір бағытты көшелер екі бағытты көшелерге ауысады

  • Көлік жүргізушілерінің назарына!

Ақтөбе облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Ақтөбе қаласындағы көше-жол тораптарының өткізу қарқындылығын арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шанхай ауданындағы  жолдарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, жол қозғалысына қатысушылардың ыңғайлылығы және жолдар мен қиылыстардың өткізу мүмкіншілігін  арттыру мақсатында ағайынды Жұбановтар (Пацаев көшесінен Пожарский көшесіне дейін) және Рысқұлов (Пацаев көшесінен Пожарский көшесіне дейін) көшелерінде екі бағытта қозғалыс ұйымдастыруға шешім қабылданды.

Аталған жол қозғалысының өзгерісі 24 маусым күні сағат 10.00-ден бастап іс жүзінде қолданысқа енгізіледі.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*