Басты бет » Құқық » «Браконьер»: заңсыз балық аулаушылар ұсталды

«Браконьер»: заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Ақтөбеде мамыр-маусым айларында «Браконьер»  жедел профилактикалық шарасы өтті. Жергілікті әкімшілік пен криминалды полиция қызметкерлерітабиғат қорғау органдарымен бірлесіп 45 мобильді топ құрып,  облыс аумағында жұмыс жасады.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметідерегі бойынша, мобильді топтар жүргізген 145 рейдтік шара нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 77 факт тіркелді,оның 16-сы бойынша 192 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақтөбе облысы ІІД экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де баса назар аударып отыр. «Браконьер» шарасы барысында табиғат заңнамасын бұзу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 мамыр күні  «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы барысындаЫрғыз аудандық ішкі істер бөлімі мен орман шаруашылығы аумақтық испекциясының және «Охотзоопром» инспекторлары бірлескен рейд кезінде заңсыз балық аулаушыларды ұстады. Тәуіп селолық округінің Құйылыс ауылынан 25 шақырым жердегі Тайпақкөл көлінен ауданның47 және 50 жастағы тұрғындарын заңсыз балық аулау сәтінде қолға түсірген.Олардан әрқайсысы 100 метр болатын 4 дана ау, 1 дана үрлемелі резеңке қайық тәркіленген.Заңсыз ауланған балық91 келіден асады.  Оның ішінде 50келісазан, 27 келі табанбалық пен 13 келі мөңке балық бар. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіле бастады. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір бұл іс Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің өндірісінде.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*