Басты бет » Әлеумет » Жалған ұрандар жарға жығады

Жалған ұрандар жарға жығады

Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер өмірдің ажырамас бір бөлшегіне айналды. Әрине, заман жетістігінен, заман талабынан қалмау, әсіресе, жастар үшін маңызды екенін түсінеміз. Дегенмен, сол интернет пен әлеуметтік желілердің көлеңкелі жақтары да барын әлі оң-солын танып үлгермеген жастарымызға жиі айтып, түсіндіріп отыру өте қажет-ақ.

Жуырда ғана еліміздің Бас прокуратурасы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әлеуметтік желіде арандату хабарламаларын таратқанын анықтап, қазақстандықтарды заң талаптарын сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. Мемлекеттің тұтастығына, халықтың ынтымақ-бірлігіне сызат түсіруге, ел ішінде іріткі салып, бейбіт өмірдің шырқын бұзуға әрекет ететін жымысқы ниеттілер қай кезде де табылады. Оған тарих куә, Жер бетіндегі түрлі халықтардың тағдыры дәлел. Бүгінде аспанын қара бұлт торлап, миллиондаған тұрғыны тып-тыныш тірлігінен айырылған, соның ішінде 5 миллионға жуық адамы шет жерде босқын болып жүрген Сирияда өзара қақтығыстар нақ осы әлеуметтік желілердегі арандатушылық хабарламалардан басталғанын білеміз. Өкінішке қарай, жалған ұрандарға еріп, берекелі тірлігімен қош айтысқан мемлекеттерге басқа да мысалдар бар…

Сондықтан арандатушылыққа ермейқайткенде де, өз еліміздің тұтастығын, татулық-бірлігімізді сақтаудың қамын ойлауға тиіспіз.

Біз, қазақ жұрты үшін, Тәуелсіздік —  киелі ұғым. Бұл Тәуелсіздікті ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады. Сол арманға енді қол жеткенде, өзара түсініспеушіліктерге жол бермеу, еліміздің тұтастығы мен жарқын болашағы жолында, ең алдымен татулығымызды сақтауды ойлау біз үшін — парыз.

«Тату елге тыныштық пен тоқшылық — нәсіп» деген Күлтегін бабамыздың өсиетіне адал болайық!

Бегендік АЙТҚҰЛОВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*