Басты бет » Жаңалықтар » Ант қабылдады, алғыс хат алды

Ант қабылдады, алғыс хат алды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 20 жылдығын атап өту қарсаңында  Ақтөбе қалалық әкімдігінде әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған екі мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл жолы антты Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Лаура Мажиева мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы Назерке Қанапина қабылдады.

Сонымен қатар 28 мемлекеттік қызметшіге үлгілі мемлекеттік қызметтегі жұмысы үшін Ақтөбе қаласының әкімі И.Испановтың Алғыс хаттары тапсырылды.

Мерекелік іс-шарада барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтады және оларға кәсібилілік және еңбекте табыс тіледі.

 А.АЗАМАТҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*