Басты бет » Әлеумет » Дін тақырыбында дәріс оқылды

Дін тақырыбында дәріс оқылды

Облыстық «Руханият» музейінде «Қоғамдық сананың ашықтығы және экстремизм мен терроризм мәселелері» тақырыбында дәріс оқылды. Бұл — «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ұйымдастырылған шара. 

Дәріс сабағы музейдің экспозициялық залында өткізілді. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы шеңберінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу,  діни экстремизмді болдырмау,  мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында өткен дәріс сабағында музей директоры Қыдырғали Ермұқан аталған жоба аясында аймақта кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және  өзекті мәселелерді шешу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе, осындай шараларды ұйымдастыру жолында қоғамды рухани жаңғырту мен сананың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті.

Дәріс сабағына қатысқан «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының  директоры Ж.Сүлейменов «Діни радикализмге қарсы иммунитет»  және  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Сәрсембин «Қоғамдағы ұлттық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы ұлттық сана мәселесі» тақырыптары төңірегінде дәріс оқып, мәдениет саласының қызметкерлері қойған сауалдарға жауап берді.

Арман СЕРІКОВ.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*