Басты бет » Жаңалықтар » Ғимараттар сапалы салынып, уақытында тапсырылуы керек

Ғимараттар сапалы салынып, уақытында тапсырылуы керек

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың, сондай-ақ, салынуы ұзаққа созылып кеткен ғимараттардың құрылысымен танысты.

Атап айтқанда, өңір басшысы Бөкенбай батыр көшесіндегі қонақүй кешеніқұрылысының қарқынын тексерді. Екі жылдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған ғимарат тамыз айының аяғына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жолдың арғы жағында тағы бір ғимарат — көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы да жүріп жатыр.

Облыс орталығында құрылысы кешеуілдеп жатқан 23 құрылыс пен игерілмеген бес жер телімі бар. Өңір басшысы жұмыс тобына аталмыш мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

— Әрбір нысан үшін арнайы пайдалануға тапсыру мерзімі бар жеке құрылыс кестесі қажет. Өз міндеттерін орындамай, кестені сақтамағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолдану керек. Ғимаратты салып қана қоймай, оларға іргелес жатқан аумақтарды абаттандырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау керек. Сонымен қатар, орталық көшелердің алдыңғы жағында орналасқан нысандар қаламыздың сәулеттік көрінісіне сай болуы тиіс, — деп атап өтті ол.

Одан кейін Бердібек Сапарбаев М.Мәметова көшесі бойындағы автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоба бойыншажолдың 4-тен 6 жолаққа дейін болатын 21 метрге дейінгі бөлігін кеңейту, ені 3 метр болатын жаяу жүргіншімен велосипед жүретін жол салу, нөсер кәрізі мен автобус аялдамаларын абаттандыру қарастырылған. Көшедегі көлік қозғалысын бір аптадан соң іске қосу жоспарлануда. Мұнда өңір басшысы Сазды өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын қарап шықты.

Сондай-ақ,облыс әкімі «Тургенев көшесінен Ғ.Жұбанова атындағы көшеге дейінгі автокөлік жолын ұзартудың реконструкциясы» жобасының жүзеге асырылуын тексерді. Аталмыш жобадаекі айналма жолайрық пен жарықтандырылған тоннель салу қарастырылған.

Автокөлік қозғалысының қолданыстағы кестесі Тургенев пен Молдағұлова көшелері қиылысының «бесінші» өтпежолы тұсындаәуесқой автокөлік жүргізушілері үшін белгілі бір қолайсыздықтар, тіптіапатты жағдай да туғызады. Ал жаңа жоба іске асырылғанда, Тургенев көшесінен келетін көліктер легіайналма жол арқылы тоннельге қарай өтіп, одан әрі өтпежолға шығады. Сондай-ақ, Тургенев көшесі Молдағұлова және Жұбанова көшелерін жалғайтын болады. Жалпы, бұл жұмыстарАқтөбенің орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Бердібек Сапарбаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен жобаларды іске асыру мерзімін сақтау керектігін ерекше атап айтты.

Бұдан басқа, өңір басшысы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жақын орналасқан аквапарктің құрылысымен де танысты. Бұл жерде үш ашық бассейн, аттракциондар, жағажай аймағы, т.б. болады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*