Басты бет » Жаңалықтар » Қадірлі әріптестер!

Қадірлі әріптестер!

«Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын басылымның мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Газеттің бірінші нөмірі жарық көргеніне, міне, тура жүз жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында «Актюбинский вестник» газеті үлкен жолдан өтті: дәуір мен ұрпақ алмасты, басылым атауы бірнеше рет өзгертілді. Осы жылдардың бәрінде басылым үздіксіз дамыды, өз стилін қалыптастырды, облыс жұртшылығына өзекті, шынайы ақпараттарды дер уақытында  таратты. Бүгінде «Актюбинский вестник» газеті шын мәнінде аймақтық медиа нарығында көшбасшылардың бірі саналады.

Өзімнің құттықтауымда басылымның қоғамдағы кең ауқымды мәселелерді жариялағаны үшін үздік өңірлік басылым ретінде танылып, бірнеше мәрте мемлекеттік марапаттарды иеленгенін еске сала кеткім келеді.

Тағы да газет ұжымын атаулы күнмен құттықтап, алда да шығармашылық жетістіктерге жетіп, тың жобаларды жүзеге асыруларына тілектеспін.

 Дәурен АБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*