Басты бет » Жаңалықтар » «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқужаттығу жиындары аясында Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында және қала маңында тәжірибелік шаралар өткізіледі

«Дабыл-2018» командалық-штабтық оқужаттығу жиындары аясында Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында және қала маңында тәжірибелік шаралар өткізіледі

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

2018 жылдың 7 маусымында «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқужаттығу жиындары аясында Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында және қала маңында тәжірибелік шаралар өткізіледі.

Нақты жағдайларға жақын оқу-жаттығу жиындары күндізгі және түнгі уақытта жүргізілетін болады.

Осыған орай Мұғалжар ауданы мен Қандыағаш қаласының тұрғындарынан өткізіліп жатқан жаттығуға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары өкілдерінің талаптарын орындауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Жол жүру барысында көлік қозғалысын ертеж оспарлап және жалған ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеуді сұраймыз.

Оқу-жаттығу жиындарының өткізілу барысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындары ақпараттандырылып отырады.

 Дағдарысты жағдайлар жөніндегі өңірлік жедел штаб

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*