Басты бет » Жаңалықтар » Суға түсу маусымы: азаматтардың қауіпсіздігі — басты орында

Суға түсу маусымы: азаматтардың қауіпсіздігі — басты орында

Облыста сумен жабдықтауды дамытудың көкейкесті мәселелері облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

2017 жылы облыс бойынша «Нұрлы жол» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су тарту желілерін жүргізу бойынша 30 жобаны жүзеге асыру басталды. Бұдан басқа, республикалық бюджет есебінен Ырғыз ауданындағы Нұра және Мамыр селоларын сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні 18 жоба пайдалануға берілді, 12 жоба жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Амановтың айтуынша, өткен жылы атқарылған жұмыстар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 2016 жылғы 90,6%-ды 92,6%-ға көтеруге мүмкіндік берді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 94,2%-ға жетпекші.

Облыста 2018 жылы сумен жабдықтау және су тарту желілерін жүргізу жүйелерін дамытуға 6 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржыға Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарының 25-тен астам селосын сумен жабдықтау бойынша жұмыстар қазірдің өзінде басталды.

Баяндаманы таңдаған облыс әкімі 2019 жылы жұмыстарын бастау жоспарланып отырған сумен жабдықтау құрылыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын жасауды жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі құрылысы экономикалық жағынан тиімсіз шағын селоларды сумен қамтамасыз етудің нүктелік механизмін жасауға тапсырма берілді.

— Сумен қамтамасыз ету — кездесу барысында село тұрғындары тарапынан мейлінше жиі көтерілетін мәселелердің бірі. Сондықтан барлық аудандардың әкімдері сумен жабдықтау жобаларын, оның ішінде ілеспе құжаттамаларды әзірлеуді жүзеге асыру бойынша барлық процестерді облыстық басқармамен келісе отырып жеделдетуі тиіс. Құжаттар уақытында әзірленбесе, мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған қаржыны ала алмаймыз. Шалғайдағы, халқы аз елді мекендердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ондаған адамы бар ауылдарға жүздеген километр су құбырын жүргізудің тиімсіз екенін түсіндірген жөн. Мұндай ауылдарда жерасты суларының сапасын тексеріп, оларды ұңғымалармен қамтамасыз еткен дұрыс, — деді облыс басшысы.

Бұдан басқа, жиын барысында суға түсу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы қаралды. Судағы қайғылы жағдайлар суға бейберекет шомылу орындарында болатыны белгілі. Осы жағдай ескеріліп биыл иесіз жағажайлар коммуналдық құрылымға алынады. Бұл қоғамдық құтқарушылардың және ерікті полиция көмекшілерінің кезекшілігін орнатуға мүмкіндік береді, ал суға түсу мекендері тұрғындарға тегін күйінде қалады. Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мәлімдегендей, биылғы жылы облыста 58 жағажай жұмыс істейді, оның 44-і — коммуналдық.

— Басты міндет — адам өліміне жол бермеу. Бұл үшін жағажайлар құтқару құралдарымен және күштерімен жақсы жарақтандырылған болуы тиіс. Жиынға демалыс аймақтарының басшыларын арнайы шақырдық. Сіздер қызметтің бұл түріне лицензия алдыңыздар, ол қауіпсіз жағдайлар жасауға міндеттейді. Тұрғындармен суда өзін-өзі ұстаудың ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмауына назар аударған жөн, — деп атап көрсетті облыс әкімі.

Балық шаруашылығын дамыту мәселесі де күн тәртібінде қаралды. 2016 жылы облыста балық шаруашылығын дамыту бойынша арнаулы бағдарлама қабылданды, осы құжат аясында су қоймалары бірінші рет көлді-тауарлы балық шаруашылықтарына бекітілді. Басқа да бірқатар шаралар қабылданды. Сол қатарда су қоймаларына балық жіберу белсенді түрде жүргізілді, мұның нәтижесінде жыл сайын ауланатын балық мөлшері арта түсті.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат байлығын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, 2016 жылы біздің облысымызда балық аулау лимиті 122 тонна құраса, 2017 жылы 245,9 тоннаға жетті. Ал биыл қазірдің өзінде 365,4 тонна құрап отыр. Өткен жылы ғана су қоймаларына әртүрлі тұқымдастағы 1,9 миллиондай шабақтар жіберілді.

Орман шаруашылығы дамыту жайы да қозғалды. Ағымдағы жылы басқарма басшылығымен 925 гектарға тал-теректер отырғызылды. Бердібек Сапарбаев айналаны көгалдандыру, қураған ағаштарды жойып, тәлімбақтарды дамыту жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*