Басты бет » Жаңалықтар » Берері мол бірегей жоба

Берері мол бірегей жоба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға «Aналарға тағзым» рухани және адамгершілік тәрбие беру орталығы таныстырылды.  

Ақтөбеде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда алғашқы «Aналарға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығының құрылысы жүріп жатыр. Осы бірегей жоба облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен  «Туған жер» акциясы аясында демеушілер мен облыс тұрғындарының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бастамашыл топтың құрамына кірген қоғамдық топтардың өкілдері мен іскер және табысты әйелдер орталықтың тұжырымдамасын әзірледі.

Аталған кешеннің ашылуы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде үлкен маңызға ие болады, — деді облыс әкімі.

Бұл республикадағы алғашқы жоба болып саналады. Орталықтағы бір ерекшелік — мұнда келушілер Бопай ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова және Қазақстан тарихында орны ерекше басқа да ұлы әйелдердің өмірімен және олардың ерлігімен  жан-жақты таныса алатын экспозициялық залды тамашалай алады.

Мұнда кешенде психологиялық жеңілдену және кеңес алу, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика мен дизайн, отбасылық тренинг және өзге де  кабинеттер орналасады. Жалпы орталық қызметі әйелдің отбасындағы рөлін күшейтуге, қазақ халқының салт-дәстүрін ескере отыра болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталады.

Бұдан кейін Г.Әбдіқалықова Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында салынған «Дару жарығы» офтальмологиялық емхананың жұмысымен де танысты.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*