Басты бет » Жаңалықтар » 200-ден астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тиімді технология бойынша оқытудан өтті

200-ден астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тиімді технология бойынша оқытудан өтті

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халық қорының (ЮНФПА) өкілі Джулия Валеземен кездесті.

Әңгіме барысында Джулия Валезе Ақтөбе облысы әкімдігі мен ЮНФПА арасындағы аналар денсаулығын қорғау және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау жөніндегі 2017 жылғы біріккен жобаның іске асырылу қорытындылылары туралы мәлім етті.

Атап айтқанда, Қор арқылы облыста аналар мен жаңа туған сәбилердің денсаулықтарын нығайту, аналардың өлімі мен перинтальды өлімді азайту мақсатында босануға көмектесуге негізделген үш маңызды мекемеге тиімді перинатальды технологияны енгізу жөнінде қолдау жасалды. Семинарлар мен тренингтерге 65 дәрігер және 120 орта буындағы медициналық қызметкерлер қатыстырылып, 50 маман жүкті әйелдерге анентальды көмек көрсетуге қатысты оқытудан өтті.

Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастардың қызметтер және ақпараттар, репродуктивті денсаулықты сақтау жөнінде білім алуына бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. 8 колледжде «Валеология» курстары бойынша репродуктивті денсаулықты сақтау жөнінде 17 оқытушы оқытылып, олар 1500 студентке сабақтар жүргізді.

— Жас адамдар бір-біріне сенгіш болады, сондықтан жасөспірімдердің лидерлік және коммунативтік қабілеттерін дамыту мақсатында, сондай-ақ репродуктивті денсаулық сақтаудың «теңбе-тең» әдісі бойынша оқыту үшін Ақтөбеде жастардың волонтерлік Y-PEER орталығын ашуды ұйғардық, — деп мәлімдеді Д.Валезе.

Облыс әкімі өз кезегінде Қор өкіліне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

— Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әлеуметтік, соның ішінде білім мен денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге ерекше назар аударылады. Сіз арқылы қол қойылған меморандумның арқасында ана денсаулығы мен жастардың репродуктивті денсаулығына қатысты бірқатар мәселелерді шешуге қол жеткіздік. Сіздердің мамандарыңыздың тәжірибесі өте бағалы, — деді Бердібек Сапарбаев.

Кездесудің соңында екі жақта та тиімді іскерлік қарым-қатынас бұдан кейін де жалғаса беретіндігіне сенім білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*