Басты бет » Жаңалықтар » Форум делегаттары — сәбилер үйінде

Форум делегаттары — сәбилер үйінде

Сәрсенбі күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты халықаралық форум қатысушылары «Аялы алақан» акциясы аясында «Үміт» сәбилер үйіне барды.

Сәбилер үйінде ұйымдастырылған шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев балаларды қорғау күні қарсаңында «Үміт» сәбилер үйіне арнайы ат басын бұрған форум делегаттарына облыс басшылығы атынан алғыс айтып, бүлдіршіндерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі, Хатшылық меңгерушісінің орынбасарыЛеонид Прокопенко сәбилер үйінің дәрігерлері мен тәрбиешілеріне рақметін білдіріп, 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.

— Бала — біздің болашағымыз. Олардың бақытты болып өсуі, ештеңеден мұқтаждық көрмеуі үшінбіз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Қайырымдылық жасау Ассамблеяның басты бағыттарының бірі екендігі баршаңызға белгілі. Өзіміздің азаматтық борышымызды ақтау мақсатында бүгін осы жерде тұрмыз.Бұл жұмыстар әрі қарай жалғаса беретін болады, — деді Леонид Прокопенко.

Акция соңы шағын концерттік бағдарламамен  жалғасып, бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаевтың айтуынша, орталықта бүгінгі таңда жаңа туған нәрестеден бастап 4-5 жас аралығындағы 50 бала тәрбиеленуде.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*