Басты бет » «Бақытты бала» » Түркиялық профессорлар ота жасады

Түркиялық профессорлар ота жасады

«Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе медициналық орталығында Түркиядан келген профессорлар маммология және пластикалық хирургия бағыты бойынша шеберлік класын өткізді.

Анкара қаласындағы Башкент университеті медициналық орта­лығының профессоры, онкохи­рург, трансплантолог, маммолог дәрігер Седат Илдирим мен про­фесссор, пластикалық хирург Ах­мет Чагри Уйсал ақтөбелік дәрі­герлерге жаңа технологиямен жұмыс істеу тәсілін үйретіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Екі күн бойы дәрігерлер қала тұрғындарын қабылдады. Сүт безі ауруы және түрлі космети­калық ақаулары бар тұрғындар­ды, оның ішінде балаларды қа­рап, кеңес берді. Алғашқы күні жиырма адам кеңес алды. Кеңес беру кезінде төменгі жақ сүйегінің косметикалық және функционал­дық кемістігі бар және туабітті буын патологиясына шалдыққан науқасты тексерді. Екі кезеңнен тұратын операция жасалды. Сүт безінің ауруына шалдыққан өз­ге емделушілерге органдарын сақтай отырып операция жасал­ды. Барлық отаны Түркиядан келген дәрігерлер тегін жасады. Барлығы бес адамға ота жасал­са, оның ішінде екеуі — бала.

Бұндай шеберлік класын алдағы уақытта тағы да өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ Ан­карадағы клиникада ақтөбелік дәрігерлерді маммология мен пластикалық хирургияның зама­науи проблемалары бойынша оқыту да жоспарланып отыр.

Сонымен қатар күрделі па­тологиясы бар бес балаға Баш­кент университетінің базасын­да операция жасалады. Барлық шығынды университет көтереді.

Кәмшат ҚОПАЕВА

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*