Басты бет » Жаңалықтар » Қала әкімдігіне қоқыс шығару мәселесін шешуге екі күн берілді

Қала әкімдігіне қоқыс шығару мәселесін шешуге екі күн берілді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 31 басқарушы компанияның басшыларымен, соның ішінде қаланы санитарлық тазалумен айналысатын операторлармен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы қоқыс шығару мен облыс орталығын абаттандыру мәселелері болды. Қоқыс шығару жұмыстарын жолға қою қажеттілігі — бүгінде бұл компаниялар үшін бірінші міндет.

— Бүгін және ертең ортақ күш-жігерімізбен қаланы тазалау қажет, бірде-бір қоқыс алаңында қоқыс болмауы тиіс, — деді облыс басшысы.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Қасымов келісімге сәйкес, қала әкімдігі бір ай мерзімде мердігер ұйымдарға машиналармен, атап айтқанда, қоқыс тасушылармен көмектеседі, ал болашақта компаниялар өз жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруы қажеттігін хабарлады. Олармен келісімшарттар бес жылға жасалған.

Облыс әкімі қызмет көрсетуші объектілердің саны мен қолдағы бар техникалар туралы сұрады. Бір компания орта есеппен 500 контейнерге қызмет ететіні атап өтілді. «КамАЗ» көлігі бір рет қатынағанда шамамен 100-110 контейнерді апарып тастай алады.

Олардың атынан тұрғындар тарапына да ескертулер айтылды, ақтөбеліктер қоқыс алаңына  үлкен көлемді жиһаз және техникалық жабдықтарды әкеледі, бұл қызмет көрсетуші компанияларға бірқатар қиындықтарды тудырады. Бұл мәселені шешу жергілікті полиция қызметіне жүктелді.

Облыс әкімі мердігерлерді мұқият тыңдап, мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнама аясында компанияларға қолдау көрсетуге тиісті тапсырма берді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*