Басты бет » Жаңалықтар » 127 мың ақтөбелік оқушы жазғы демалыспен қамтылады

127 мың ақтөбелік оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе агломерациясын 2030 жылға дейін қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жүзеге асыру жобасы қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Ақтөбе агломерациясын қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарында дамудың сегіз негізгі бағыты анықталған. Оларды жүзеге асыру мақсатында 2018-2024 жылдарға арналған шаралардың индустриалды-инновациялық жобаларды, көлік логистикасы мен білім беру орталығын  дамытуға, кедергісіз бизнес ортаны құруға, өмір сапасын жақсартуға, Smart city жобасы мен медициналық кластерді әрі қарай жетілдіруге бағытталған жоспары жасалды.

Атап айтқанда, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов мәлімдегендей, жоспарға сәйкес агломерация аймағында кем дегенде жеті өнеркәсіптік инвестициялық жобаны жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті әрекет етуші субъектілерінің санын жыл сайын кем дегенде бір мыңға дейін арттыру, суармалы жерлерді  100% қалпына келтіру, жылдық тұрғын үйді пайдалануға беру жағын кем дегенде 10% өсіру, Ақтөбедегі қоқыс өңдеу зауытының құрылысы, жолдарды қалпына келтірудің жаңа әдістерін жыл сайынғы қамтуды 15%-ға көтере отырып қолдану, кем дегенде балаларға арналған жүз мектепке дейінгі мекеме ашу, балалар технопаркінің желілері мен бизнес-инкубаторларын іске қосу және т.б. қарастырылуда.

— Ақтөбе қаласы мен барлық аудан әкімдеріне Ақтөбе агломерациясын дамыту жобаларының орындалуын үнемі қадағалауда ұстауды тапсырамын. Мемлекет басшысы біздің облысты Батыс Қазақстан өңірлерінің агломерация орталығы деп бекер белгілеген жоқ. Бұл жоба бізге облыстың даму әлеуетін толықтай ашуға көмектеседі. Бұл экономиканы күшейтіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, — деп атап өтті облыс әкімі.

Жиын кезінде сондай-ақ, ҰБТ-ға дайындық және жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі де қаралды.

— Биыл облыс бойынша 15 ҰБТ пункт жұмыс жасайтын болады, олардың 130 аудиториясы барлық қажетті жабдықтармен жарақтанған, — деп мәлімдеді облыстық білім беру басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Ақтөбе облысындағы тестілеудің нақты уақыты әлі анықталмаған. Мектеп түлектерінен өтініш қабылдау 10 мамырда сағат кешкі 6-да аяқталды.

Бердібек Сапарбаев оқушыларды моральдық тұрғыда дайындау жағына барынша көңіл бөлуді тапсырды.

— Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне тестілеудің дайындық барысы мен өтуін жеке бақылауда ұстауды тапсырамын. Балардың ҰБТ пункттеріне дейін қауіпсіз жетуі мен кері қайтуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеңіздер, — деді облыс басшысы.

Осы жылы жазғы демалыспен 127,2 мың  оқушы немесе балалардың 93%-ы қамтылған. Олардың 11 мыңнан астамы қала сыртындағы он лагерьде, 17,4 мыңы шатырлы лагерьлерде, 56 мыңнан астамы мектеп жанындағы лагерьлерде демалмақ. Айта кетейік, биыл бюджеттен осы мақсатқа 282 миллион теңге (2017 жылы — 152 миллион теңге) бөлінген.

— Лагерьлердің жұмысында, әсіресе мектеп жанындағыларда формализм болмау керек. Каникул басталмас бұрын олардың бағдарламаларын қарап алыңыздар. Барлық жерде жаңашылдық болуы қажет. Балаларды қызықты бағдарламаға тартып, өздерінің көкжиектерін кеңейтуге көмектесетін пайдалы және қызықты іспен айналысулары керек, — деп тапсырды облыс әкімі Ләззат Оразбаеваға.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*