Басты бет » Спорт » Батырдың құрметіне арналған байрақты бәсеке: үш ақтөбелік — жеңімпаз

Батырдың құрметіне арналған байрақты бәсеке: үш ақтөбелік — жеңімпаз

Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жаһандық жарысқа ерлер мен әйелдер теңдей ќатысуға мүмкіндік алған. Додаға 13 команда, яғни еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Қытай және Өзбекстан мемлекеттерінен

200-ге жуық спортшы арнайы келген. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев және дзюдодан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР дзюдо федерациясыныњ вице-президенті Асxат Житкеев лебіздерін білдірді.

— Баршаларыңызды облыс әкімінің атынан Жеңіс күнімен құттықтай отырып, Ақтөбе жерінде кіндік қаны тамған Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған турнирдің маңызы зор екенін айтқым келеді. Осы шараның өзі батыр апамыздың есімін жастарға ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, спорттың дзюдо түрі бүкіл әлемде үлкен ќұрметке ие. Біздің облыста дзюдодан халықаралық турнирдің екінші рет өтіп жатқаны соны айғақтайды. Алдағы уаќытта осындай жарыстарды көптеп өткізуді жоспарлап отырмыз. Спортшыларға жеңіс тілейміз! — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Ақтөбе татамиінде белдескен палуандар өзара 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша ерлер арасында 73 келі салмақта ақтөбелік Есет Қуанов жеңіс тұғырынан көрінсе, қыздар арасында екі жерлесіміз — 52 келі салмақтағы Назерке Азаматова және 57 келі салмақтағы  Аружан Шектібаева чемпион атанды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*