Басты бет » Спорт » Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Додаға еліміздің барлық облысынан 180-ге тарта спортшы жиналды.

Жарысқа құрметті қонақ ретінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен танымал былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев қатысты. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин:

—  Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортпен шұғылданатын халықтың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бір дәлелі ретінде осы жарыс өткізіліп жатқан Жекпе-жек спорт сарайын айтуға болады. Осы ғимарат пайдалануға берілгелі халықаралық, республикалық чемпионаттар өтті. Бұның өзі спорттың дамуына игі әсерін тигізері сөзсіз.  

Бүгінгі Қазақстан чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілеймін! — деді.

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та жас әріптестеріне жеңіс тілеп, Ақтөбеде мұндай сайыстың ұйымдастырылуы жастардың спортпен көптеп айналысуына  сеп болатынын атап өтті.

Ел чемпионаты 16 мамырға дейін жалғасады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*