Басты бет » Экономика » Ақтөбе-Ташкент: тікелей байланыс

Ақтөбе-Ташкент: тікелей байланыс

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 17,5 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде: экспорт — 15,8 миллион және импорт — 1,7 миллион. Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасы берген ақпаратқа қарағанда, қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 281 кәсіпорын жұмыс істейді.

12-13 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин басқарған біздің облыстың іскерлік тобы өкілдері Ташкентте болды. Облыс әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде сапар сәті түсті.

2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан Республикасы жылы болып белгіленгені мәлім.

Сапар аясында екі ел өкілдері қатысқан бизнес-форум өтті және іскерлік топтардың қатысуымен кооперациялық биржа ұйымдастырылды. Бұл шараға жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға, тоқыма және фармацевтикалық өнеркәсіп бойынша әріптестер іздестіруге, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы машина құрылысы саласына мүдделі қазақстандық компаниялар келді.

Бизнес-форум барысында оған қатысушылар екі жақтың әлеуеттерімен танысып, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, іскерлік ортаны қолдау, жақсарту үшін қабылданатын шаралар туралы білуге мүмкіндік алды.

— Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық ынтымақтастығы мемлекетаралық қатынастардың басымдық бағыты болып табылады, — деп атап көрсетті облыстың делегация басшысы Мавр Абдуллин, — Шекаралық аймақтар маңызды роль атқарады, өйткені олар екі елдің экономикалық әлеуеттерін біріктіруге жол ашады.

Кездесу тақырыбы «В2В» форматында тікелей келіссөздер барысында және жалғасын тапты.

Ақтөбелік делегация ауыл шаруашылығы машиналары, тоқыма өндірісі, құрғақ жеміс-көкөніс өнімдері өндірісі кәсіпорындары жұмысымен, сондай-ақ Ташкенттегі технопарк қызметімен танысты.

Ләззат ЕГІБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*