Басты бет » Жаңалықтар » Гүл сыйлады

Гүл сыйлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шуақты мерекемен «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС-ның ұжымын құттықтады.

Аталған өндіріс орны  үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  2012 жылы ашылыпты.

— Бұл жерде қатты және сұйық дәрілер шығарылады. Шикізатты көрші мемлекеттерден сатып аламыз. Мәселен, қызыл мияны Қызылорда облысынан тасимыз. Тұрғындар тарапынан қызыл мия шәрбатына, ацикловир мен саңырау құлаққа, вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғары.  Жоспар бойынша өнім түрін көбейткіміз келеді, — деді серіктестік директоры Жаңагүл Төреханова.

Облыс әкімі серіктестік ұжымын құттықтап, еңбекте табыс тіледі. Ұжымның әйелдер қауымына Алғыс хат пен гүл және  арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Т.ВИНОГРАДОВА.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*