Басты бет » Мәдениет » «Дегдар» концерт көрсетті, сыйлық ұсынды

«Дегдар» концерт көрсетті, сыйлық ұсынды

Акция

«Дегдар» қайырымдылық қоры ақтөбеліктерге классикалық музыка кешін сыйлады. «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында өткен концертте Гүлзат Дәуірбаева, Тимур Урманчеев секілді елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер өз өнерлерін көрсетті.

«Дегдар» гуманитарлық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Времен связующая нить» жобасы 2011 жылы бастау алған болатын. Жоба аясында облыс орталықтары мен қалаларында жыл сайын отандық үздік вокалистер мен музыканттардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылып тұрады. Құрылған 8 жыл аралығында жоба қатысушылары еліміздің бірқатар облыстарын аралаған. Ал Ақтөбе қаласында екінші рет өтіп отырған құлақ құрышын қандырар классикалық музыка кешін қариялар мен студенттер қауымы тамашалады.

Біздің басты мақсатымыз — аға ұрпақ өкілдеріне қолдау көрсету. Ақтөбе қаласына дейін Батыс Қазақстан облысында болдық. Ол жақта қарттар үйіне медициналық компьютер жабдықтарын сыйлаған болатынбыз. Ал Ақтөбе қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернатқа спорттық тренажер жабдықтарын тарту еттік, — дейді жоба үйлестірушісі Жанат Сексенбаев.

Айта кетейік, «Дегдар» гуманитарлық қайырымдылық қоры 2001 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен құрылған болатын. Басты мақсаты — Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, сондай-ақ жетім, мүгедек балаларға көмек беріп, қолдау көрсету.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*