Басты бет » Жаңалықтар » «Sinopec Group» компаниясы облыста жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр

«Sinopec Group» компаниясы облыста жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев «Sinopec Group» трансұлттық корпорациясы бас директорының орынбасары  Цзяо Фанчжэнмен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің дамуына əсер ететін өзара тиімді əріптестікті дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, негізгі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері талқыланды.                                                                    

Әңгімелесушілер тек шикізат секторында ғана емес, өңдеу саласындағы əріптестікті кеңейтуге де қызығушылық танытты.

Жуырда «Sinopec Group» компаниясында өңірдегі өңдеу өнеркəсібінің нақты жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын жұмыс тобы құрылмақ.

Ақтөбе облысы əкімінің

баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*