Басты бет » Жаңалықтар » Елбасы мақаласы талқыланды

Елбасы мақаласы талқыланды

Ақтөбе қаласы әкімдігі және қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қала тұрғындары арасында талқылау мақсатында «Болашаққа қадамды бірге жасаймыз» атты кеңейтілген жиын өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыстық ғимаратына жиналған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева мен бірқатар зиялы қауым өкілдері Елбасы мақаласының Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуы жөнінде талқылады.

Жиында алғаш сөз алған Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин Елбасы мақаласын жастарға жеткізу, ардагерлердің парызы екендігін атап өтіп және осы тұрғыда атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Бұдан кейін қоғамдық кеңес төрағасы Құдайберген Бекенов баяндама жасады. Ол өз сөзінде:

— «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Елбасы саясатының жалғасы десек те болады. Аталған мақалада мемлекетіміз мықты, біртұтас ел болуы үшін болашаққа қалай қадам басу жолдары ұсынылған. Еліміз рухани жаңғыру арқылы біртұтас ұлт болуға, жаңа көлемді міндеттерді алып отыр. Ақтөбе қаласы қоғамдық кеңесі қоғамдық шешімдерді талқылау, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік және экономикалық жағынан қарқынды дамуда. Оның ішінде, Ақтөбе қаласы күн сайын жаңаруда. Елбасының «Нұр жол» бағдарламасына сәйкес, тұрғын үйлер, қала жолдары мен тазалығы, саябақтар мен демалыс орындары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында, көптеген кәсіпкерлер өз бизнестерін ашып, дамытуға мүмкіндік алды, — деді.  

Сондай-ақ жиында сөз алған Ақтөбе қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының сектор меңгерушісі Айша Құлбатыр:

— Елбасының «Қазақстан — 2050» Стратегиясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын мейлінше кеңейту және 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастауымыз керек деген болатын. «Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданылуын жетілдіру мақсатында Ақтөбе қаласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді насихаттау жолында жыл сайын дәстүрлі шаралар өтіп жатыр. Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық құндылықтарды ұлықтау керек, — деді.

Жиын соңында «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин сөз сөйлеп, Елбасы мақаласындағы бес негізгі бағытты атап өтті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*