Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе-Северанс әріптестігі кеңеюде

Ақтөбе-Северанс әріптестігі кеңеюде

Меморандум

Облыс әкімдігі стратегиялық маңызды әріптеспен меморандум жасады.

Ақтөбеге «Северанс-KZ» халықаралық қорының, Енсе университетінің Северанс оңтүстіккореялық госпитальінің өкілдері делегациясы келді. Сапардың мақсаты — «Ақтөбе-Северанс» бірлескен қайырымдылық қорын құру болды.

— Сіздер Қазақстанның батыс аймағында медициналық кластер қалыптастыруда зор үлес қосқан біздің стратегиялық халықаралық әріптесімізсіздер. Өздеріңіздің көмектеріңіздің арқасында облыстың ондаған дәрігері Кореяның жетекші емханаларында тәлімдемеден өтті. Қазір жоғары технологиялық трансплантациялық оталар басталып, табысты жүргізілуде.

Енді біздің әріптестігіміз жаңа бағыттар бойынша дамуда. Құрылған бірлескен қайырымдылық қоры балалар мен ересек емделушілердің кореялық мамандардан жоғары кәсіби көмектер алуына мүмкіндіктер жасайды. Қор қызметінің аясында шеберлік-кластарын өткізу, Кореяның жетекші емханаларында медициналық қызметкерлерді емдеудің инновациялық әдістерін оқыту қарастырылуда, — деді Бердібек Сапарбаев  Северанс  госпиталінің  бас директоры, делегация басшысы Ли Бен Сокке.

Өз кезегінде Ли Бен Сок «Северанс-KZ» халықаралық қайырымдылық қорының құрылуына көрсеткен көмегі үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғысын білдірді.

— Бүгінгі келісімшартқа қол қойылуға дейін Сіз орасан зор күш-жігер жұмсадыңыз. Біз алда да өзіміздің емханаларымызда Қазақстаннан, оның ішінде Ақтөбеден емделушілерді қабылдауға әзірміз, — деді Ли Бен Сок.

Меморандумға қол қояр алдында екі жақ ескерткіш сыйлықтармен алмасты. Оңтүстіккореялық делегация басшысы БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Енсе университетінің құрметті ректоры, Енсе университетінің қоғамдық-әлеуметтік көмек халықаралық институтының директоры Пан Ги Мунның Бердібек Сапарбаевқа құттықтау хатын салтанатты жағдайда оқып, тапсырды. Мұнан кейін екіжақты, үшжақты  келісімшарттарға  қол қойылды.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.   

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*