Басты бет » Жаңалықтар » 7-16 тамыз аралығында пәтерге құжаттар қабылданады

7-16 тамыз аралығында пәтерге құжаттар қабылданады

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова бастаған топ 11-шағын аудандағы «Арай» тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерлерді аралады.

Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша 7-16 тамыз аралығында қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторына электронды түрде қосымша өтініштер тапсыра алады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы Батыс-2 ауданында бір бөлмелі 45 пәтер, 11-шағын аудандағы «Арай» тұрғын үй кешенінде бір бөлмелі 31 пәтер, «Кірпішті» тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі 11 пәтер, Қонаев көшесінде бір бөлмелі 10 пәтер жалға берілмек.

Аталған бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар, атап айтсақ, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, 1, 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, т.б. қатыса алады.

  • 7 тамыздан бастап кезекте тұрған азаматтар қаланың бірнеше ауданындағы 100 шақты пәтерге электронды түрде өтініш тапсыра алады. Олар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, электрондық-санды қолтаңбаларын пайдаланып, пәтер алуға арыз беруі керек. Қазіргі таңда электронды түрде өтініш беру өте ыңғайлы және тиімді. Пәтерлер 20 жылға дейін жалға беріледі, кейін 5 жылдан кейін пәтер алған азаматтар оны сатып ала алады. Негізі, бұл бағдарлама кезекте тұрған, баспанаға мұқтаж жандарға пайдалы. Ай сайын төленетін төлем ақы кейін пәтердің ақысынан шегеріледі. Сондай-ақ бұл бағдарламада пәтер алушы бірінші төлем төлемейді, — дейді сектор меңгерушісі.

Көзіміз көргендей, «Арай» тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерлердің барлығы аумағы жанынан бір-бірімен шамалас. Жылы, жарық, ең бастысы, кешен қаланың орталығында тұр.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл кешен 2015 жылы пайдалануға берілген. Мұнда

бір шаршы метрдің бағасы — 150 мың теңге. Тұрғын үй кешенінің 1,2-қабатын жеке бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер алған. Мұнда бір бөлмелі 31 пәтер бар.

  • 2015 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 216 адам «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының тұрғын үй бағыты бойынша баспаналы болды. Ал осы бағдарлама аясында бүгінге дейін 1348 пәтерге келісім жасалып, бір мыңнан астам пәтер тұрғындарға берілген. Қазір 201 пәтердің төлем құжаттары тексеріліп жатыр, — дейді Ж.Дүйсекенова.

Д.ҚАЗИХАН. 

 

 

 

Бір пікір

  1. Ия, рахмет! Қуанышымыз қойнымызға сыймай алып едік, жағдайымызды кімге барып айтарымызды білмей, жыларман болып отырмыз! Ыссы су жоқ! Котельная жұмыс істемейді, бесхозная! Жаздың соңғы айы, одан əрі күз, қыс келеді! Котельный əлі істемейді, мына түрімен халық қыста қатып қалады!
    Подъездерде свет жоқ! КИКтің де, үц салған компания Солерстің де шаруасы жоқ бізбен!!!Управляющий компанияның басшылары ауысады қайта-қайта! Баяғы жартас бір жартас, əлі ыстық сусыз отырмыз! Үйді халыққа таратпастан бұрын адам тұруға бейімделген бе, жоқ па, соны тексеру керек əуелі!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*