Басты бет » Жаңалықтар » Облыс әкімі табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді, сонымен қатар, олардың  туындауының алдын алуды тапсырды.

Бүгінде Ақтөбе облысында 12 гектардан астам алаңда үш орман өрті және 30 гектар алаңда бір дала өрті тіркелген. Сондай-ақ, 13 мың гектардан астам аумақта 132 өрт шалу оқиғасы болды.

Өртті сөндіруде ТЖД-нің, жергілікті атқарушы билік пен ерікті өрт сөндіру құрамаларының  2 мың адам мен 391 бірлік техникасынан құралған күші мен құралдары жұмылдырылды.

Қосымша әкімдіктер мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің 3,7 мың адамы мен 700 бірлік бейімделген техникасы, 17 бірлік өрт техникасы, 5 өрт сөндіру пойызынан тұратын жедел мобильді топтары көмек көрсетуге әрдайым әзір. 843 аспалы өрт сөндіргіш, 147 өрт сөндіру мотопомпасы, 3 мың бірліктен аса бекіністік құрал-саймандар, 69 тонна жанар-жағармай сынды құрал-саймандар қоры құрылды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*