Басты бет » Жаңалықтар » Қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстар саны 29 пайызға төмендеді

Қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстар саны 29 пайызға төмендеді

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен лаңкестікке қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов лаңкестік мақсатта жарылыс заттарын, қару-жарақ пен оқ-дәріні пайдалануға жол бермеуге қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты баяндап берді.

Қару-жарақ айналымына тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері барлық тіркелген қару иелері және аймақтағы қару-жарақ дүкендері тексерілді. Анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен бірге, тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция тиімділігін көрсетуде. Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен азаматтар 181 қару мен 400-ден астам патрон тапсырды.

Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы 5 ай қорытындысы бойынша өңірде қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстар саны 29%-ға төмендеді. Ал қару-жарақ айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 7,2%-ға өсті.

Комиссияда сондай-ақ лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет жасау, түзету мекемелерінде профилактикалық жұмыстарды жетілдіру жайы қаралды.

Кеңес қорытындысында аймақ басшысы қаралған мәселе бойынша бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде қару-жарақ айналымына, есебін алуға және жарылғыш заттарды пайдалануға бақылауды күшейту, тиімді әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз ету, жазаланғандарды еңбекке орналастыру  сияқты бағыттар бар.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*