Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызметкер және міндет

Мемлекеттік қызметкер және міндет

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  мәселесі бойынша кеңес өтті.

Жиында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Күнтуов бес айда жүзеге асырылған жұмысты баяндады.  Қазіргі күні қаладағы 12 мемлекеттік мекеме мен 5 ауылдық округ халыққа 102 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы — 15, баламалы түрде — 32 және «Электронды үкімет» порталы арқылы 53 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.  Бес айда қала бойынша 52 169 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 22 336-сы мемлекеттік органның өзінде көрсетілген. 24 813 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асқан. Қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің жоспарына сай, ішкі бақылау шаралары жүзеге асырылып, 8 мемлекеттік орган мен 35 ведостволық ұйымдарда тексеру өткізілген. Жиында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің сапасы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқамасының бас маманы А.Қоңырбаев баяндама жасады. Ол осы саладағы өзекті мәселелер мен алда атқарылатын шаруаларды ортаға салды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінің басқарма басшысы Болат Маханалин жемқорлықтың алдын алу, одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кеңес соңында барлық мәселелер талқыланып, тиісті орындарға тапсырмалар берілді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*