Басты бет » Білім » Ең жоғары балл — 136

Ең жоғары балл — 136

Ақтөбе облысы бойынша биыл 6 566 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде ҰБТ-ға 4 874 түлек, яғни 74,2 пайызы қатысты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 2,3 пайызға өсіп отыр.

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекқызының айтуынша, биыл түлектердің сынаққа қатысуы бойынша Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Қобда аудандарының көрсеткіші жоғары болған. Сондай-ақ  Әйтеке би, Хромтау, Ойыл, Байғанин, Мәртөк аудандарының көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе өскен. Мәселен, биыл орташа балдың көрсеткіші Ойыл ауданында — 91,6, Алғада — 90,3, Мұғалжарда —  86,8. Облыста ең жоғарғы балды үш оқушы жинаған. Олар — М.Құсайынов атындағы мектеп интернаттың түлегі Жанат Жүсіп, Ақтөбе қаласындағы №20 мектептің түлегі Махаббат Шапекова және  Хромтау ауданынан Назерке Разакбергенова. Бұлар тестілеу қорытындысы бойынша 136 балл жинаған.

Жалпы облыс  републикалық көрсеткіші бойынша төртінші орында тұр.

Қазір сынақ тапсырған түлектер жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырып жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*