Басты бет » Жаңалықтар » Облыстық газеттердің өз музейі бар

Облыстық газеттердің өз музейі бар

Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның музейі ашылды.

Келесі жылы «Актюбинский вестник» газетінің жарыққа шыға бастағанына бір ғасыр толмақ. «Ақтөбе» газеті 2019 жылы 95-ке «келеді». Осы өңірдің ғасырға жуық жылнамасын жазып келе жатқан басылымдардың тарихында талай-талай  оқиғалар болғаны анық. Құнды жәдігерлер де бар. Бірақ әлі күнге дейін басында баспанасы жоқ басылымдар көшіп-қонып жүргенде олардың біразы қолды болды, біразы мүлде жоғалып кетті. Енді барына ие болып қалу керек.

Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшысы осы мәселелерді тілге тиек етті. Осы мекемені ұзақ жылдар басқарған, қазір «Адырна» әдеби журналының тізгінін ұстап отырған  Мейірхан Ақдәулетұлы бұның игілікті іс екенін айта келіп, газет қызметкерлерін қолда бар жәдігерлерді осында әкелуге шақырды. Тұсау кесу рәсімін жасады.

Шара барысында шашу шашылып, мекеменің кейбір қызметкерлері марапатталды. Аға буын өткен шақтан естелік айтты.

Енді өз музейіміз бар. Ағаларымыз бен апаларымыз қолда бар жәдігерлерін әкеліп ұсынуына болады. Тарихымызды бірге түгендейік.

Өз тілшіміз.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*