Басты бет » Жаңалықтар » Кәрім Мәсімов Ақтөбеде болды

Кәрім Мәсімов Ақтөбеде болды

Жұмыс сапары

Ақтөбе облысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен келді. Ол Ақтөбе облысындағы ҰҚКД-нің жаңа ғимаратының құрылысының іргетасын қалауға қатысты.

Сапар барысында мәртебелі мейманды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарсы алды.

ҚР ҰҚК төрағасының сапары еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Кәрім Мәсімовке ҰҚК департаментінің ардагерлері мен бұрынғы қызметкерлерінің құрметіне арналған жаңа ескерткіш, мұражай мен департаменттің бұрынғы басшылары Балғабай Байжігітов және Юрий Брязгаловқа арналған ескерткіш тақталары таныстырылды.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов пен Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ҰҚКД-нің жаңа  әкімшілік корпусының құрылысы орнынның іргетасы қаланды.

Ақтөбе облысының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұжымы, сондай-ақ, ардагерлері мен кездесу кезінде ҰҚК төрағасы және облыс әкімі қызметкерлерді ел игілігі жолында атқарған адал еңбектері мен міндеттерін жауапты орындағандары үшін алғыс айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*