Басты бет » Жаңалықтар » Дипломатиялық өкілдік басшылары көрмені тамашалады

Дипломатиялық өкілдік басшылары көрмені тамашалады

ҚР дипломатиялық өкілдік басшылары «Ақтөбе облысының қазынасы» көрмесімен танысты.

Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндеріне мыңдаған Елорда тұрғындары мен қала қонақтары қатысуда.

«Қазанат» қалалық ипподромындағы этноауылда «Ақтөбе облысының қазынасы» атты ұлттық этнографикалық бұйымдар көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. Оны Македония, Голландия, Германия, Швеция сынды бірқатар өзге де елдердің дипломатиялық өкілдік басшылары тамашалады.

Шетелдік қонақтарды әсіресе ақтөбелік зергерлердің қолынан шыққан және ежелгі бұйымдар қызықтырды.  Музей қызметкерлері көрмеге 70-ке жуық экспонат әкелген.

Дипломатиялық өкілдіктегілер этонауылда тігілген арнайы киіз үйге кіріп, қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарынан дәм татты, асық, садақ ату сияқты ұлттық спорт ойындарына қатысты.

Бұдан өзге, дипломатиялық өкілдік басшыларының назарына Этно Мюзик Холлда өңірдің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оларды «I am a singer» халықаралық конкурсының финалисі Димаш Құдайбергеннің 27 маусымда өтетін жеке концертінің құрметті қонағы болуға шақырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*