Басты бет » Жаңалықтар » Ақпараттық соғыс және желі психологиясы

Ақпараттық соғыс және желі психологиясы

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында белгілі блогерлер Алмас Тоқабаев пен Бэлла Орынбетова ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізді. Басқосуға БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметкерлері қатысты. 

Семинар «Ақпараттық соғыс және манипуляция» тақырыбында өрбіді. Манипуляция — көпшілікке ақпараттық қызметтер арқылы психологиялық әсер етудің жүйелік тәсілі. Алдымен қатысушыларға бейнеролик ұсынылып, психологиялық сұрақтар қойылды. Блогерлер ақпараттық соғыстың мақсаттары және оның негізгі қарулары, жаңалыққа жазылатын пікірлер, ақпараттық соғыс кезіндегі қоғамның әлсіз тұстарына тоқталып өтті.

Ал ақпаратты қалай дұрыс қабылдау қажет? Осы сұрақ төңірегінде Алмас Тоқабаев ақпаратты тарататын адамдарды генералдар, мерзімді жауынгерлер, жалдамалы әскерлер және еріктілер деп бірнеше топқа бөлді. Бұл жерде генерал — ақпараттың идеясын айтатын, мерзімді жауынгер — өзінің пікірін еркін жеткізе алмайтын, жалдамалы жауынгер — белгілі бір оқғаны өршіту мақсатында ақша үшін жұмыс жасайтын блогерлер, ал еріктілер — оқырмандар, — деп мысалдар келтірді.  Сондай-ақ жас журналистер мен блогерлерге ақпараттың дәлдігіне көз жеткізбей тұрып сенуге болмайтындығын ескертті.

— Қазіргі таңда ақпарат өте көп. Әлеу­мет­тік желілерде жұрттың не бөлісіп жатқанын, неге және кімге сене­ті­нін, whatsapp сияқты желілерде жұрт не бөлісіп жат­қа­нын қарап-ақ ақпараттық са­ланың қандай жағдайда екенін білуге болады Өкі­ніш­­ке қарай, бұл тұрғыда әлі сауат­­сызбыз. Әсіресе жастар арасында теріс ақпараттарды бір-біріне тарату белең алып бара жатыр. Ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу үшін кемінде, үш дереккөзден тексеру керек. Заңмен тыйым салынған ақпараттарды таратсаңыз, айыппұл салынады. Әр адамның бойында қоғамның алдында жауапкершілігі болу керек, — деді Алмас Тоқабаев.

Семинар соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*