Басты бет » Басты жаңалықтар » Әр ауданда балалар мен жасөспірімдер туризм орталығы ашылады

Әр ауданда балалар мен жасөспірімдер туризм орталығы ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиналыста өңірдегі туризмнің проблемалары мен даму келешегі, сондай-ақ  жол бойындағы қызмет көрсету мәселесі  талқыланды.

Облыстық  сыртқы байланыстар және туризм  басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының айтуынша,  өңірде 90 қонақүй мен хостел жұмыс істейді. Өткен жылы олар 84,7 мың адамға 1,55 млрд теңгенің  қызметін  көрсетті.

Туристік орындарға  қолжетімділікті арттырып, туризм инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Қобыланды батыр» мемориалды кешеніне апаратын Қобда-РФ шекарасы (Соль-Илецк) (334-375 шақырымдық жер) автомобиль жолына күрделі жөндеу,  ұзындығы 15  шақырымдық Абат-Байтақ кешеніне апаратын көлік жолына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.

— Жиренқопа ауылындағы «Қобыланды батыр»  мемориалдық кешенін қалпына келтіру жұмыстары басталды, Абат-Байтақ кесенесінің аумағы мен Бұлақ ауылдық округіндегі Шырақшы үйі абаттандырылмақ. Іс-шаралық туризмді дамыту аясында бірқатар ірі шаралар жүзеге асырылады: атақты батырлар ұрпақтарының жыл сайынғы слетін «Қобыланды» тарихи оқиғалы дастаны бойынша театрландырылған көрініспен сахналау және «Көкжар» жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Туризм саласындағы өңіраралық кооперацияны дамыту жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылы 44 бала көрші облыстардың көрікті жерлерімен танысты, осы жазда тағы 100  бала Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Орынбор облыстарына демалуға барады, — деп хабарлады басқарма басшысы.

Өңірде су  және су шаруашылығы құрылымдарында  75 бұқаралық демалыс, туризм және  спорт орны бар екенін айтқан  Ермек Кенжеханұлы  Ақтөбе қаласында барлық қажетті құрал-жабдықпен  қамтамасыз етілген  қоғамдық қалалық жағажайдың жоқтығын да мәлім етті.

Бұдан өзге, ақпараттық ілгерілеуді дамытып,  турист  тарту үшін Ақтөбе облысының туристік ақпараттық орталығын және  әр ауданда туризмнің балалар мен жасөспірімдер орталығын құру ұсынылды.

Өңір аумағындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарында 121 жол бойы қызмет көрсету орны, соның ішінде 41 көлік жанармай бекеті, 70 тамақтану бекеті, 32 қонақүй мен 30 техникалық қызмет көрсету бекеті жұмыс істейді. Ағымдағы жылы құны 1 750 миллион  теңге болатын, 216-ға тарта жұмыс орнын ашатын тағы 17 жол бойы қызмет көрсету орны  пайдалануға берілмек.

Биыл МЖС аясында Белогорка ауылының ауданында 3 гектарлық алаңда құны 200 миллион  теңге болатын логистикалық  орталық  пайдалануға беріледі. Орталықта 30  нөмірлік мейманхана, дүкен, 70 қондырмалы орынға арналған тамақтану бекеті, техникалық қызмет көрсету бекеті,  көлік жанармай бекеті және т.б. қарастырылатын болады. Бұған қоса, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыста 18 жолда қызмет көрсету орны анықталды.

Сирек және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды, бірегей эталондық жер телімдерін,  экологиялық, ғылыми және рекреациялық маңызы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен орындарды сақтап қалу аясында ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды құру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, жиналыста облыс халқының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, абаттандыру, санитарлық тазалау мен көгалдандыру бойынша үш айлықтың қорытындысы жасалды.

Үш айлық ішінде өңірде 12 сенбілік өткізіліп, оған 400 техника бірлігі тартылды.  25 мыңнан 100 мыңға дейінгі адам қатысты. 4500 көше, 280 саябақтың, шағын бақтар мен ұсақ базарлардың аумағы жөнге келтіріліп, 7274 тонна қоқыс шығарылды, 84423 көшет пен бұта ағаштары,  46415 шаршы метр жерге гүл және  161 166 шаршы метр жерге гүлзар егілді.

Биыл  облыста 1060,5 гектар алаңға, соның ішінде Ақтөбе аумағындағы 1000 гектар алаңға жасыл белдеу құру жоспарланған.

Ағымдағы жылы аудан орталықтарындағы саябақтар мен шағын бақтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жиын соңында облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*