Басты бет » Жаңалықтар » «Актюбинский вестник» — ғасыр табалдырығында!

«Актюбинский вестник» — ғасыр табалдырығында!

Құттықтаймыз!

Бүгін — облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» газетінің туған күні. Ғасыр табалдырығын аттағалы тұрған басылым 99 жасқа толып отыр.

Елмен бірге талай-талай тарих белестерінен өткен газет өңір шежіресін байыпты түрде жазып, оқырмандарымен тұрақты түрде ой бөлісіп келеді.

Бір жылы кем ғасыр аумағында бұл басылымда журналистердің бірнеше буыны еңбек етті. Олардың қай-қайсысын да бір мүдде — елге қызмет ету, жұртшылыққа айқын ақпарат беру, қалам қуатын ортақ мүддеге бағындыру ниеті біріктірді.

Бүгінде бұл газеттің сөзі облыстың шалғай ауылдарына дейін жетеді. Өйткені өңірдің жылт еткен жаңалығы, жақсы хабары елге осы басылым арқылы таралады.

Облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы өздерінің әріптестерін мерекелерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді, алдағы кезде де оқырмандарының молая беруіне ниеттестігін білдіреді.

 Облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*