Басты бет » Денсаулық » Ақтөбеде екі әйелдің бауыры ауыстырылды

Ақтөбеде екі әйелдің бауыры ауыстырылды

Ақтөбеде соңғы екі күнде екі адамның бауыры ауыстырылды. Бұл жолы бірі — 43, екіншісі 53 жастағы әйелге туғандары  бауырын берді.  Отаны Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли бастаған оңтүстіккореялық мамандар мен ақтөбелік хирургтер бірлесе жасады.

Алғашқы күні 43 жастағы ақтөбелік әйелге ағасы донор болды. Науқас 2009  жылдан бері бауыр циррозымен ауырған. Ал екінші күні Қызылорда қаласынан келген 53 жастағы әйелдің бауыры ауыстырылды. Науқасқа апасы бауырының жартысын берді. Әйел 2012 жылдан беру бауыр дертімен күрескен. Алайда консервативті емнің  нәтижесі болмаған.

Бұл жолы донордың біріне  ота лапароскопиялық және 3D әдісімен жасалды. Оның ерекшелігі ота ашық әдіспен жасалмайды, яғни жарақаты, тілігі аз шағын инвазитті әдіспен жүзеге асырылады. Бұндай ота бауыр трансплантациясы бойынша үшінші  рет жасалып отыр.

Екі науқастың барлық медициналық сараптамалары жан-жақты тексеріліп, Кореяға жіберілді. Ота кореялық білікті мамандардың қатысуымен жасалды. Қазір реципиенттердің де, донорлардың да жағдайы қалыпты. Ота сәтті өтті. Жалпы бұған дейін ота жасаған науқастардың барлығын бақылап отырмыз. Олардың денсаулығы жақсы, — деді облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереев.

Бас хирургтің айтуынша, қазір облыста бауырын ауыстыруды қажет ететін алпысқа жуық адам бар. Ал биыл бес бауыртрансплантациясын жасау жоспарланса, оның үшеуі жүзеге асқан.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Бір пікір

  1. Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ

    Ардақты ақ халатты абзал жандар!

                Сіздерді алда келе жатқан 18 маусым –  медицина қызметкерлері күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
                 Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi – адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барады. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар.
                Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілейміз!

    Ақтөбе қаласынан:
     Нұрлан-Болған ЕСЕНҒАЗЫ əулеті!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*