Басты бет » Мереке » Мемлекеттік рәміздер мәртебесі

Мемлекеттік рәміздер мәртебесі

Облыстық сотта, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік рәміздер Қазақстан Тәуелсіздігінің біріктіруші бейнесін білдіретінін атап өтті.

Атап айтқанда, біздің мемлекеттілігіміздің, егемендігіміздің басты негіздерінің бірі – мемлекеттік рәміздерінің құрылуы Елбасының тікелей бастамасымен өтті.

Бүгін біздің ел халықтың әл-ауқатын нығайтуға және жақсартуға бағытталған жоғары дамыған әлеуметтік және экономикалық өсуі бар гүлденген мемлекет.

Елге деген мақтаныш сезімі оның рәміздерін құрметтеуінен басталады.

«Судьялар үшін мемлекеттік рәміздердің өзіндік мәні бар, себебі мемлекеттік рәміздердің аясында сот төрелігі жүзеге асырылады», — атап өтті Мұратғали Әкетай.

Салтанатты шара барысында облыстық соттың судьясы, судья әдебі комиссиясының төрағасы Рәзия Ахметова белсенді әлеуметтік жұмысы мен сапалы сот төрелігін жүзеге асырғаны үшін «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Самал Ордабаева облыстық сот төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңадан тағайындалған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Куаныш Мұратовқа және Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Динара Ғилмановаға қызмет куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздер туралы қысқа деректі  фильм ұсынылды.

Н.ДӘУІРОВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*