Басты бет » Мереке » «Бірлік» тобы — жеңімпаз

«Бірлік» тобы — жеңімпаз

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 25 жыл толуына орай, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, Ақтөбе мұнай және газ колледжінде «Рәміздер — Тәуелсіздік тұмары» атты білгірлер сайысы өтті.

Сайыс таныстыру кезеңі, сұрақ-жауап, тест сұрақтары және «Мақал-мәтел — сөз мәйегі» атты кезеңдерден тұрды. Сайысқа қатысушылар 3 топқа бөлінді: «Бірлік», «Жалын» және «Қыран» топтары.

Шараға қатысушылар алдында кітапхана қызметкері Б.Хамидуллина  сөз алып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Мемлекеттік рәміздер — биік мерейіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Б.Қазанғап, Е.Сағымбаев сынды студенттер рәміздерге арналған ақындар жырларын оқыды.

Сайыс қорытындысында, төрт кезеңде 180 ұпай еншілеген «Бірлік» тобы жеңімпаз атанды.

 

Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

С.Жиенбаев атындағы облыстық

жасөспірімдер кітапханасының

бөлім меңгерушісі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*