Басты бет » Мереке » Мемлекеттік рәміздер — қасиетті құндылықтар

Мемлекеттік рәміздер — қасиетті құндылықтар

Қай елдің де егемендігі мен біртұтастығының бірден-бір айқын нышаны — мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны ресми түрде 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Міне, сол тарихи күнге де ширек ғасыр толып, бүкіл еліміз осы мерейтойды мерекелеп жатыр. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің айнасы ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Рәміздерді пайдаланудың өзіндік тәртібі бар. Рәміздерді пайдалану тәртібі Конституцияда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңда көрсетілген.

Рәміздерді қадірлеу, қастерлеу — әрбір елін сүйген, адал азаматтың асыл борышы. Бұл нышандардан адам өз еркіндігі мен ел бірлігін сезінеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» — деп атап көрсетті. Мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш сезім де — еліңе, туған халқыңа деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында курсанттарға білім мен тәрбие беру мақсатындағы шаралар барысында Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мәселесі әрдайым басты назарда ұсталады. Оқу ордасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орайластырылып интеллектуалдық сайыстар, басқа да түрлі шаралар өткізіліп келеді.

 Ж.НҰРМҰХАМБЕТОВА,

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

мемлекеттік тіл және ақпарат

бөлімшесінің бастығы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*