Басты бет » Мереке » Судьялар балаларға қамқорлық көрсетті

Судьялар балаларға қамқорлық көрсетті

Балаларды қорғау күні қарсаңында бір топ облыс судьялары Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесу барысында балалар қонақтарды өздерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырып, сабақтағы және спорттағы жетістіктері туралы баяндап берді. Мұнда тәрбиеленушілер күнделікті киімдерін, концерттік костюмдер мен тұрмысқа қажетті бұйымдарды өздері тігетінін айтып, шеберхана жұмысын көрсетті.

Балалардың түрлі сайыстардан жеңіп алған медальдары мен Алғыс хаттары, естелік фотолары мұражайда қойылған. Келушілер осында ансамбль мүшелерінің өнерін тамашалап, балғындардың ұлттық биіне қол соқты.

Облыстық соттың судьясы Нұриля Сатыбалдина Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты тарапынан балаларға үлкен қамқорлық көрсетілетінін жеткізді.

Облыстық судьялар одағының төрағасы Амангелді Қалмұхамбетов балғындарды мерекемен құттықтап, оларға тұрмысқа қажетті заттарды алу үшін 400 000 теңгенің сертификатын тапсырды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты мамандандырылған соттың төрағасы Нұрлыбек Ормаханов балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

 Н.ДОСАНОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*